Мен саяхатты сүйетін жанмын. Туризм менеджері маманымын. Туризм мамандығы арқасында әр түрлі елдерде инфотурға қатыстым. Инфотурда Түркияның әр түрлі курорттық қалаларының 5 * VIP отельдерде болдым. Қазір 2018 жылдан бері Сиқырлы Сырлы Стамбулдың тұрақты тұрғынымын. Осы жылдар ішінде Түркияны көп саяхаттадым, әр түрлі курорттық өлкелерін көріп, ерекше теңіз жағалауларына ғашық болдым. Стамбулда гид қызметін атқарып, туристтерге Стамбулдың ерекше жерлеріне жол көрсеттім ✊ Түркияның ғажап жерлерін көріп, Авторлық тур жасауға шабыттандым.
Миллиондаған адамдар көруді армандаған тарихтағы ең көне және ең әдемі қала сырлы Стамбулдың ең әдемі жерлерін бірге аралаймыз. Тарихи Сұлтанахмет-Ая София алаңын, Тарихи базарларды, Эминону, Каракөй, Галата және Истиқлал көшелерін аралап керемет атмосфераны сезінеміз. Біз Ханзада Аралдарында орналасқан аквапарк жағажайында демаламыз және Мәрмәр теңізі мен күннің шуағында шомыламыз.
Кез-келген турист бара бермейтін, Стамбулдың Азия жағының көркем көрінісін бірге тамашалаймыз. Стамбулдың жүрегі Босфордың сұлулығын жеке Яхта турымен тамашалап, өкпемізді таза ауамен толтырамыз.
Біздің Саяхатымыз еркін, әдемі және шабытқа толы болады. Керемет дәмді тағамдар және әртүрлі бояуға толы күн батуы көрінісі, Стамбулдың ерекше локацияларына толы✨
Стамбулдың Мәрмәр теңізінің ортасында орналасқан Ханзада Аралы.
Ханзада Аралына кемемен жүзіп барып, Мәрмәр теңізінің жағалауында бір күн аквапарк теңіз демалысын жасаймыз. Теңізге шомылып, күнге қыздырынамыз. Және Ханзада Аралдарында тұратын тұрғындардың үйлерін және ерекше көшелерін, шағын көше дүкендерін аралаймыз. Күндіз Ханзада Аралынан көрінетін Стамбул қаласының көрінісін тамашалап, кешке Ханзада Аралдардан кемемен жүзіп қайтарда керемет күн батуына куә боламыз✨
Көркем Азия бөлігі * Anadolu Yakası
Саяхатымыздың тағы бір ерекшелігі Стамбулды басқа қырынан ашатын боламын. Көп туристтер тек Стамбулдың Европа бөлігін аралап кетеді. Ал мен сіздерге Стамбулдың Азия бөлігін де көрсетемін. Арнайы жеке көлікпен Түнгі Стамбулды аралайтын боламыз✨ Авторлық турыма барлық махаббатымды салдым, саяхаттың әр күні ұмытылмастай ерекше өтетін болады ✨
Бейоглу, Истиклал - шоппинг * İstiklal Caddesi
Интернет желісінен қызыл трамвайды көрген боларсыз. Дәл сол Қызыл трамвайлы көше; Истиклал.
Атақты көше Истиклалды аралап жүріп, ұзын көшенің бойымен бренд магазиндер және Түркиялық ішкі брендтер орналасқан. Сонымен қатар базарлық үшін түркияның дәмі локум, баклава тәттілерін және әртүрлі магнит, сувенирлер алсаңыз болады. Өзінің өзгеше толқынымен ерекшеленетін Истиклал көшесінде , қызыл трамвайға мініп, жарық шамдармен суретке түсіп, Дондрурмаджыдан балмұздақ аулап, сол жердің атмосферасын сезінеміз😇
Стамбулдың жүрегі Босфор
яхта туры
Менің жақсы көретін сәтім Босфор Бұғазын жеке Яхтамен аралау. Неше рет Яхта тур жасасамда, ешқашан Босфордың Стамбулмен ұштасқан әдемі көрінісіне тойған емеспін. Керемет әсер аласыз. Яхтада өзіміз оңаша қалып, демалып, теңіз ауасын жұтып, әдемі локациялардан керемет фото, видео жасаймыз. Билеп, көңіл көтеріп, фотоға түсеміз.